Бизнес қауымдастық пен мемлекеттік аппараттың өзара іс-қимылының жаңа жүйесі

Өскеменде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мамыр айында ашылады

Өскеменде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚО) осы жылы мамырда ашу жоспарланып отыр. Ол есеп бойынша Павлодар, Ақтөбе, Тараз және Талдықорғаннан кейін Қазақстандағы осындай бесінші орталық болмақ. Бұл жөнінде ШҚО бойынша «Даму» КДҚ-да хабарлады.
Шығыс Қазақстан19 Ақпан , 00:00

«Азаматтар бизнестегі өз күшін байқап көрместен бұрын, Орталыққа келіп, қажетті толық ақпарат ала алады. Оған облыстың қай өңірінде бизнестің қай түрі дамығаны жөнінде айтып береді. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер осы Орталықтан өз ісін ашуға қажетті құжаттар пакетін ала алады. Осылайша, ол КҚО-ға екі рет қана келеді: бірінші – өтінішпен, екіншісінде – құжаттардың дайын пакеті үшін. Үшінші рет келуі де мүмкін, яғни бастауыш кәсіпкер кәсіпкерлікте өз күшін байқап көруі үшін танысын ертіп келгенде», – деді ШҚО бойынша «Даму» КДҚ директоры Бақыт Мұсаев. 

«Бүгінде ХҚО, көші-қон полициясы жұмыс істейтін «жалғыз терезе» қағидасы халық арасында үлкен қолдауға ие болды. Соның ішінде, моноқалаларда да сәтті жұмыс жасауда. 2012 жылғы қарашада мұндай КҚО-лар Зырян және Серебрянскте ашылды. Наурыз бен сәуір айларында Риддер мен Курчатовта да ашуды жоспарлап отырмыз. Мобильдік жылжымалы КҚО да жұмыс істейді. Бұл мастер-класс немесе кеңес беру өткізу үшін ауылдық, аудандық әкімдіктерді,кәсіпорын, ЖОО, колледждерді шақыра алатын автобус», – деді ол.  




Яндекс.Метрика