Бизнес қауымдастық пен мемлекеттік аппараттың өзара іс-қимылының жаңа жүйесі

«Атамекен» одағы» үшін тариф белгілеу басым бағыттардың бірі

«Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы үшін тариф белгілеу басым бағыттардың бірі. Бұл туралы бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кеңейтілген алқа отырысы барысында палата төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев хабарлады.
Нұр-Сұлтан01 Ақпан , 00:00

«Біз тарифтердің шарықтауы аймақтық бизнесті толғандырып отырған өткір мәселелердің бірі деген пікірге келіп отырмыз», - деді Ошақбаев.

Оның айтуынша, ыстық су мен электр энергиясы 2012 жылы 10%-ға, ал Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің тарифі 8%-ға қымбаттаған.

«Шағын бизнес тарифтердің қымбаттауына ғана емес, бұл қызмет түрлерінің қолжетімділігіне де жиі шағымданады. Осыған байланысты біз тариф белгілеу мәселесін «Атамекеннің» басым бағыттарының біріне айналдыру керек деген шешім қабылдадық», - деп толықтырды ол.

Ұлттық палата төрағасының орынбасары өткен жылдың қараша айында тарифтерді белгілеу мәселелері бойынша сарапшылар кеңесінің құрылғанын еске сала отырып, оған Агенттікті атсалысуға шақырды.




Яндекс.Метрика