Бизнес қауымдастық пен мемлекеттік аппараттың өзара іс-қимылының жаңа жүйесі

«Атамекен» Одағы» ҚҰЭП мен Бас прокуратура бизнестің жүйелік проблемаларын шешу жолдарын талқылайды

Ертең, 16 қаңтарда сағат 11:00-де ҚР Бас Прокуратурасында «Атамекен» және бизнестің қоғамдық ұйымдары басшыларының қатысуымен кәсіпкерлік мәселелері жөнінде ҚР бас прокурорының орынбасары А.Н.Кравченконың облыстық прокурорлармен бірлескен бейнеконференциясы өтеді, деп хабарлайды «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының баспасөз қызметі.
Астана қаласы15 Қаңтар , 00:00

Бейнеконференцияға ҚР бас прокурорының орынбасары А.Н.Кравченко, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП басшылары, аймақтық прокурорлар мен бизнестің қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысады. 

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жиналыста бизнесмендердің жеке арыз-шағымдары мен жолдаулары негізінде кәсіпкерлердің жүйелік проблемаларын шешу жолдарын талқылау мен дайындау жоспарлануда.




Яндекс.Метрика