Бизнес қауымдастық пен мемлекеттік аппараттың өзара іс-қимылының жаңа жүйесі

Екінші деңгейлі банктер КҚКО-да кәсіпкерлерге тегін кеңес береді

Алматы қаласы бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында екінші деңгейлі банктердің өкілдері бизнесті жүргізу мәселелері бойынша кәсіпкерлерге тегін кеңес береді, деп хабарлайды «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының баспасөз қызметі.
Алматы қаласы09 Қаңтар , 00:00

«Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы әрекет етуші бизнесмендерге көмек ретінде құрылған. Енді кәсіпкерлер консалтингтік қызметтерден өзге «бір терезе» қағидасы бойынша тұңғыш рет «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына қатысудың тәжірибелік механизмдері бойынша серіктес банктердің өкілдерінен кеңес ала алады», – деп Қордың баспасөз қызметі «Ресей жинақ банкі» АҚ ЕБ Алматы филиалы директорының орынбасары Дильбар Сейітовтің мәлімдемесін таратады. 

Еске сала кетсек, 2012 жылғы қазанда Алматы мен Шымкент қалаларындағы «Дамудың» өңірлік филиалдарында «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін Қазақстандағы тұңғыш Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылды. Аылған күннен бері қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласындағы КҚКО 1 700-ден астам қызмет көрсеткен. 

Алматы қаласы бойынша КҚКО-да екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлерге тегін кеңес беруінің кестесі: 

• «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ – жұмыс кестесі апта сайын сәрсенбі күні; 

• «АТФ Банк» АҚ – жұмыс кестесі екі аптада бір рет бейсенбі күні; 

• «Банк ЦентрКредит» АҚ – жұмыс кестесі апта сайын жұма күні; 

• «Эксимбанк Казахстан» АҚ жұмыс кестесі апта сайын; 

• «Жинақ банкі» АҚ ЕБ жұмыс кестесі бейсенбі сайын.  




Яндекс.Метрика