Салық саясаты

Салық комитеті табыс жоспарын асыра орындады

2013 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Салық комитеті табыс бойынша түсімдер жоспарын асыра орындады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінен хабарлады.
Астана қаласы20 Тамыз , 00:00

«2013 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің құзыретіндегі табыс бойынша түсімдер жоспары 102,6%-ға орындалды. Жоспардағы 1 815,7 млрд теңге 1 862,8 млрд теңгеге дейін артты, демек жоспардан тыс 47,1 млрд теңге ел бюджетіне құйылды деген сөз», - деп хабарлады комитеттегілер. 

Баспасөз қызметі атап өткендей, 2013 жылдың 7 айында мемлекеттік бюджет табысының өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 113,5%-ды құрап, 221,5 млрд теңгеге артық кіріс келген. Оның ішінде түсімдер өсімі республикалық бюджетте 133,0 млрд теңгені (12,9%), жергілікті бюджетте 88,6 млрд теңгені (14,4%) құрады.




Яндекс.Метрика