Салық саясаты

Қазақстан мен Словения екі жақты салықты алып тастауды жоспарлауда

Қазақстан мен Словения екі жақты салық салу жүйесін алып тастауды жоспарлауда. Қажетті жобаны жыл соңына дейін әзірлеу қажет. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Словения үкіметаралық комиссиясы ІІ отырысының қорытындысы бойынша ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Болат Төкежанов мәлімдеді.
Астана қаласы13 Маусым , 00:00

«Біз үкіметаралық комиссияның келесі отырысына дейін ең алдымен екі жақты салық салу жүйесін алып тастап, инвестицияларды қорғау туралы, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерді қабылдауға келістік», - деп атап өтті Б. Төкежанов.

Қазақстандық тарап, оның сөзіне қарағанда, бұл мәселені қарастырып, екі жақты салық салу жүйесі туралы келісімді қабылдау бойынша ішкі мемлекеттік рәсімдерді жүргізген. 

«Словения еуропалық одақ құрамына кіретінін ескеру керек. Дегенмен біз жыл соңына дейін барлық жоба-келісімдерді қол қоюға жіберуге әзірлейтін болып келістік», - деп толықтырды вице-министр.




Яндекс.Метрика