Салық саясаты

Қазақстан салығының төрттен бірін Алматы төлеп отыр

Қазақстанның жалпы салығының төрттен бір бөлігін Алматы төлеп отыр. Бұл туралы қалалық салық департаментінің сайтында хабарланған.
Алматы қаласы29 Сәуір , 00:00

«Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне түскен салықтық түсімдер ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз аралығында 805,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13%-ға артық», - делінген хабарламада. 

Пайызға шаққандағы ең жоғарғы салықтық үстеме елордаға тиесілі – 60% және Алматы облысына – 55,6%. Алматы мемлекеттік бюджеттің басты доноры ретіндегі өз үлесін еселей түсті. Оның үшайда төлеген салығы 197,5 млрд теңгеден асты, бұл жалпы мембюджетке түскен салық төлемдерінің 24,5%-ын құрайды. Атырау облысы бойынша салық түсімдері керісінше азайған: мұндағы азаю деңгейі 32,8%-ға жетіп отыр. 




Яндекс.Метрика