Салық саясаты

Б.Жәмішев: Қазақстанның салық жүйесін жетілдіру бойынша үлкен міндеттер тұр

Қаржысын білім, денсаулық сақтау және тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсайтын қазақстандықтар салық жеңілдіктеріне ие болады. Бұл жөнінде Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихат тобының Астана қаласының тұрғындарымен өткен кездесуінде ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев айтты.
Астана қаласы15 Ақпан , 00:00

«Салық саясаты жетілдіруді, дамытуды қажет етеді. Көптеген мәселелер бар. 

Мәселен, декларациялауды қарапайым ету. Әркім үшін салықтың тиісті жиналуы маңызды. Салық шегерісі енгізіледі. Яғни, мемлекет декларациялау арқылы әлеуметтік маңызды шығындарға ақшасын жұмсайтындар үшін преференция ұсыну тәрізді тиімді механизмді қамтамасыз етеді. Бұл орайда декларациялау халық үшін пайдалы болмақ. Сөйтіп, қаржысын білім, денсаулық сақтау және тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсайтын қазақстандықтар салық жеңілдіктеріне ие болады», - деді Болат Жәмішев.

Мұнымен қатар министр салық органдары ұсынатын мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға үлкен көңіл бөлініп отырғандығын атап өтті. Бүгінгі күні декларацияның 86 пайызы электрондық форматта тапсырылады екен. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын таппақ.




Яндекс.Метрика