Жастарға үндеу

Жастар СҚО әкiмi мен сенаторға сұрақ жаудырды

13-15 тамызда «Абакшино» демалыс орнында «СҚО жастар ұйымдарының одағы» Петропавл қалалық iшкi саясат бөлiмiнiң мұрындық болуымен жастардың жазғы саясат лагерiнiң жұмысын өткiздi
Солтүстік Қазақстан16 Тамыз , 00:00

«Жастар-Отанға» лагерiнiң аясында жастардың қоғамдық-саяси әлеуетiн жүзеге асыру бағытындағы қызметтiң басым бағыттары, негiзгi түсiнiктер, жобалық ұсыныстар төңiрегiнде әңгiме өрбiдi», - делінген ақпаратта.
Бейресми кездесуге ҚР Парламентi Сенатының депутаты Анатолий Башмаков, облыстағы табысты кәсiпкер Сайран Хамзин, белсендi әйел басшылардың бiрi Тотықамал Құлжанова қатысты.
Кездесу ашық аспан астында өттi, осының арқасында жастар кездесу барысында өздерiн еркiн ұстап, әкімге толғандырып жүрген сұрақтарды көптеп қойды. Олар әкімге «Сiз жиi өз-өзiңiзбен жеке қаласыз ба немесе жалғыз қалуды ұнатасыз ба? Сiзге сәттiлiк әкелетiн перiштеңiз кiм? Сiздiң армандарыңыз орындалды ма?» деген сұрақтар қойды.
Шараның мақсаты - қала жастарының қоғамдық-саяси әлеуетiн жүзеге асыруға ынталандыру, қоғамдық-саяси ортада қала жастарының ұсыныстарын қолдау болып табылады.
Аталмыш шараның қорытындысы бойынша Петропавл қаласының кадрлық резервi құрылады.




Яндекс.Метрика