Салық саясаты

Зерттеуге қатысқандардың 94%-ы салық органдарының жұмысына көңілі толатынын жеткізген

2012 жылы жүргізілген арнайы зерттеу нәтижесі халықтың салық органдарының жұмысына көңілі толатынын көрсетті. Бұл көрсеткіш былтыр 2011 жылмен салыстырғанда 10 %-ға өсіп отыр. ҚР қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев салық органдары ұсынатын қызметтердің сапасына жүргізілген мониторинг қорытындысы талқыланған жиында осылай деді.
Астана қаласы30 Қаңтар , 00:00

«Зерттеу жұмыстары 2007 жылдан жүргізіліп келеді. Ол салық төлеушілердің салық органдары ұсынатын қызметтердің сапасына көңілі қаншалықты толатыны анықтау мақсатында қолға алынатын шара. Мониторинг нәтижелері жылдан-жылға бұл көрсеткіш өсіп жатқанын көрсетіп отыр. 2011 жылы зерттеуге қатысқан халықтың 84% -ы салық органдарының жұмысына қанағаттанарлық деген баға берсе, былтыр бұл көрсеткіш 10%- өсті. Заңды тұлғалар да салық органдарының жұмысын жақсы бағалап отыр. Бұл жыл өткен сайын салық қызметтерінің сапасы жақсарып келетінін көрсетеді», - деді Ардақ Теңгебаев.

Әлеуметтік зерттеу Қазақстан салық төлеушілері қауымдастығы және салық комитетінің бастамасымен қолға алынған. 2012 жылы мониторингті қоғамдық пікірді зерттеу орталығы жүргізді. Зерттеу республиканың барлық өңірлерінде өткізіліп, барлығы 58 елді мекен қамтылған. Сауалнамаға 2006 заңды тұлға мен жеке кәсіпкер, 702 жеке тұлға, сонымен қатар 500 салық органдарының қызметкері қатысты. Осыған қоса сарапшылар және кеңес өткізетін компаниялардың мамандарымен 12 сұхбат жүргізілген.




Яндекс.Метрика