Салық саясаты

Алматыда салық төлеушілерге қызмет көрсететін орталық ашылды (ФОТО)

Алматыда Әуезов ауданында салық төлеушілерге қызмет көрсететін ақпараттарды қабылдау және өңдеу Орталығы қайта ашылды.
Алматы қаласы 24 Қаңтар, 00:00

Жаңа орталық Әуезов ауданындағы Алматы қалалық Салық басқармасында орналасқан. 

Орталықта 10 оператор салық төлеушілерге 6 минутта қызмет көрсетеді. Мұнда электронды кезек ұйымдастырылған. Күрделі жөндеуден өткен ғимаратта қызметкерлердің жұмысына баға беретін аппарат орнатылған. Енді салық төлеушілер қызметкерлердің жұмысына 3 түспен белгіленген бірнеше критерий бойынша баға бере алады. 

Алматы қалалық Салық департаментінде мәлімдегендей, қаладағы салық төлеушілердің басым көпшілігі Әуезов ауданына қарасты. 

Мұнда салық төлеушілердің 22 пайызы шоғырланған. Күніне 2 мың адамға қызмет көрсетіледі. Әуезов ауданында 7 мың 834 заңды тұлға тіркелген, олардың ішінде 14 145-ы жеке кәсіпкерлер болса, 273 81-і жеке тұлғалар.





Яндекс.Метрика