Парламент

Кедендік баж бен салықтарды өндіріп алу хаттамасын ратификациялау туралы Заң жобасы мақұлданды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған соманы аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Астана қаласы23 Қаңтар , 00:00

«Бұл хаттама 2011 жылғы 19 желтоқсанда Мәскеуде жасалған. Хаттаманың мақсаты тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру кезінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсыну талап етілмейтін қосымша жағдайлар белгілеуді құқықтық реттеуді регламенттеу болып табылады», - деді құжат бойынша баяндама жасаған ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев.

Депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдап, тиісті қаулы қабылданды.




Яндекс.Метрика