Салық саясаты

Атырауда «шығыс базарлары» жабылуда

Қазақстанның мұнайлы шаһарында соңғы уақыттары таяу шығыстан келген саудагерлер қаптап кетті.
Атырау17 Қаңтар , 00:00

Жергілікті салық департаментінің ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 1 қаңтардан бастап Қазақстанда арнайы режим – базарларда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға рұқсат беретін, бюджетке жеке құн салығының төленгенін растайтын бір реттік талондар алынып тасталды. Барлық резидент-жеке тұлғалар жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркеуден өтіп, ұсынылған салық тәртіптерінің бірін таңдап алулары тиіс – патент, жеңілдетілген деклорация немесе жалпыға ортақ тәртіп негізінде. 

Алайда, ЖК ретінде тіркелу үшін алдымен шетел азаматтары елімізде тұру рұқсатына ие болулары керек. Осы талаптан тыс, тек үш елдің азаматтары тіркеуден өте алады, олар: Тәжікстан, Беларус пен Қырғызстан. 

Соған қарамастан, өткен жылы атыраулық салықшылар 1100-ден астам «сұғанақ сатушыларды» анықтаған, олардың көбі – Өзбекстан азаматтары. Ал соңғы жарты жылда ЖК ретінде тек 509 резидент-жеке тұлға тіркеуден өткен. 

Өз кезегінде жергілікті көші-қон полициясы қала базарлары бойынша тұрақты түрде рейд жүргізіп тұрады. ІІД бастығының ішкі бұйрығы шыққан болатын, оған сәйкес, жедел-алдын алу шаралары әр күнді және әр күнтізбелік айды қамтиды. 




Яндекс.Метрика