Евразиялық одақ

Б.Сапарбаев: Біздің міндетіміз - жаңа экономикалық бірлестіктің берік тірегі болу

Шығыс Қазақстан облысының алдында нақты міндет тұр - жаңа экономикалық бірлестіктің берік тірегі болу, деп «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев ағынан жарылды.
Шығыс Қазақстан30 Мамыр , 18:43

«Астанада тарихи құжат ЕАЭО туралы Келісімге қол қою рәсімі өтті. Осы ретте Шығыс Қазақстан облысының алдында нақты міндет тұр - жаңа экономикалық бірлестіктің берік тірегі болу. Бұл біздің облысымызға қажет. Оның даму ерекшелігі шекараға жақын орналасуына байланысты. Оның Ресеймен шекарасының ұзындығы 843,6 шақырымды құрайды», - деп аймақ басшысы атап өтті.

Б. Сапарбаевтың айтуынша, соңғы жылдары Ресей Федерациясының Алтай өңірі, Алтай Республикасы, Татарстан, Томск пен Новосібір облыстары және де Беларусь Республикасының Могилев облысының түрлі кәсіпкерлік субъектілерімен арадағы интеграциялық байланысымыз дамып келеді.Кедендік одақтың жұмыс істеген уақыты аралығында Шығыс Қазақстан облысының одаққа мүше мемлекеттермен арадағы тауар айналымы 1,4 есеге өсіп, 2013 жылы 294,2 млрд теңгені құрады. Жүк айналымы 4,6 есеге өсті.

Облыс аумағында 250 шақты Қазақстан-Ресей кәсіпкерлігі тіркелген.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика