Евразиялық одақ

Н.Ноғаев: Бизнестің басты даму факторы - бәсекелестікке төтеп беру

Бизнестің басты даму факторы - бәсекелестікке төтеп беру. Тіпті мемлекет шекарасынан шықпай-ақ кәсіпкерлер республика ішінде, өңір арасында бәсекеге қабілетті бола алуы қажет, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.
Астана қаласы30 Мамыр , 17:03

Оның айтуынша, кәсіпкерліктің бәсекелестігін арттыруға арналған мемлекеттік қолдау құралдары барынша жан-жақты қарастырылған.

«Мысал ретінде біздің өңірдегі шағын және орта бизнеске деген мемлекеттік қолдау шараларын жоғары бағалар едім. Әу баста аз ғана жұмыскермен және аз ғана капиталмен нарыққа араласқан «Стеклосервис» компаниясы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында үлкен қолдауға ие болды. Сонымен қатар, қазіргі таңда ол өңірдегі ең ірі зауыттардың біріне айналды. Өндірілетін өнімнің 50%-ы экспортқа шығарылады», - дейді әкім.

Н.Ноғаевтің айтуынша, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау біздің басты мақсатымыз. Әкімшілік кедергілерді алып тастау жұмыстары жүргізілуде. Қаржылық қолдау да көрсетілуде. Біздің Ресей мен Беларуське ұсынатын тауар түрлеріміз өте мол. Осы орайда біздің кәсіпкерліктердің географиялық ауқымын кеңейту керек.

Облыс әкімінің айтуынша, Батыс Қазақстан облысы бүгінгі таңда үлкен туристік мүмкіндікке ие. Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру, соның ішінде туристік саланы дамытуға ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Қазақстанның осы саладағы артықшылықтарын ескерсек, бұл қазіргі таңда жергілікті атқарушы орган жұмысының басым бағыты. Сыртқы және ішкі туризмді дамыту мақсатында халықпен қоян-қолтық жұмыс жүргізілуде.

«Облыс басшылығы мен туристік қауымдастықтың мүддесі инвесторлардың қызығушылығымен сәйкес келуі маңызды», - дейді әкім.

Динара Сүгірбаева




Яндекс.Метрика