Өңірлер

«Самұрық-Қазынаның» 106 компаниясы бәсекелестік ортаға шығады (ФОТО)

Жекешелендіру бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ 106 компаниясы бәсекелістік ортаға шығады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Елена Кузьмина «Самұрық-Қазынада» өткен баспасөз брифингінде хабарлады.
Астана қаласы 30 Мамыр, 16:46

«Қаулы аясында 2014-2016 жылдары аралығында бәсекелестік ортаға шығарылатын нысандар тізімі анықталды. «Самұрық-Қазына» АҚ мен оның компаниялар тобы бойынша 106 компания аталмыш шараға араласпақ. Соның ішінде 6 компания IPO бағдарламасына қатыспақ. «KEGOC» АҚ жыл соңына дейін халықтың IPO-ға өз акцияларын шығарады», - дейді ол.

Е.Бахмутованың айтуынша, жекешелендіру процедурасы тәуелсіз бағаланады.

«Қазіргі таңда жекешелендіруге шығарылып жатқан компаниялардың  үрдісі екінші акционерге сатылуы назарға алынады. Бізді негізінен меншік иесі қызықтырмайды, біз үшін маңыздысы акцияның бағасы. Алдағы уақытта тендер ұйымдастырыпып, аукцион арқылы сатылады. Ол кезде тәуелсіз бағалау процедурасының нәтижесі БАҚ арқылы жарияланады», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Үкіметі «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасын іске асыру үшін 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіру бағдарламасы дайындалды. Аталмыш бағдарламаның іске асырылуы мемлекеттің экономикаға араласуын шектеу мен оның әсерін азайтуға бағытталған. 





Дерекнама

Яндекс.Метрика