Евразиялық одақ

Е.Кузьмина: Еуразиялық одақтың шекарасы барлық ел үшін ашық

РҒА институтының посткеңестік елдер орталығының экономикалық даму секторының жетекшісі Елена Кузьмина ЕАЭО шекарасы туралы әңгімелеп берді. Ол Еуразиялық экономикалық одақтың шекарасы барлық ел үшін ашық екенін айтып өтті. Бұл туралы ол ОКҚ баспасөз отырысында мәлімдеді.
Астана қаласы30 Мамыр , 16:40

«Ең бірінші кезекте Еуразиялық экономикалық одақ кеңеюі барлық елдерге шекараның ашықтығын көрсетеді. Бұл бүгінгі таңда посткеңестік кеңістікті көрсетеді. Бұл орайда ынтымақтастықтың екі түрі бар – ол Еуразиялық экономикалық одақтың құрамына ену. Дегенмен, бұл одаққа қосылу үшін қаржылық жүйе қажет», - деді ол.

Ынтымақтастықтың екінші түрі мемлекеттің Кедендік одақпен еркін сауда туралы келісім орнатқан кезде жүзеге асады.

«Ресей, Қазақстан, Беларусь – үш елдің ара – жігін ажыратпайтын жол, өте тиімді. Осы сынды келісімді аяқтау үрдісінде  Вьетнам елі тұр. Тек қана Вьетнам – КО-да емес, ASEAN – КО құрамында.Сондай-ақ, бұл пішінге Жаңа Зеландия, Үндістан, Израиль, сынды елдер қызығушылық танытуда», - деді ол.

Айта кетерлігі, ASEAN 1967 жылдың 8 тамызында құрылды. Оның құрамына Индонезия, Малайзия, Сингапур, Таиланд, Филиппина енді. Ал, кейіннен Бруней-Даруссалам, Вьетнам, Лаос , Мьянма, Камбоджа енді, Бақылаушы – ел ретінде Папуа -  Жаңа Гвинея тұр. 2002 жылы  бақылаушы статусқа Шығыс Тимор өтініш берді.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика