Халықаралық интеграция

Қорғаныс министрлігінде БҰҰ миссияларына дайындау туралы семинар өтті

Астана қаласы30 Мамыр , 19:07

Іс-шараға бітімгершілік құрамды дайындауға қатысатын ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшелерінің, «Қазбриг» бітімгершілік бригадасының, Құрлық әскерлерінің Әскери институты жанындағы «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» оқу-жаттығу орталығының өкілдері қатысты, деп қорғаныс министрлігінде хабарлады.

Семинар шеңберінде ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары М. Дүйсекеев Қазақстан қорғаныс ведомствосының әскери қызметшілерді БҰҰ миссияларына жіберу жөніндегі жоспарларын талқылау бойынша жұмыс кездесулерін өткізді.

2014 жылдың аяғына қарай Құрлық әскерлерінің Әскери институты жанындағы «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» оқу-жаттығу орталығына БҰҰ-ның мобильді-жаттықтыру тобы келеді.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика