Парламент

Сенат Жоғарғы соттың судьяларын сайлады

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Сенаттың отырысында депутаттар Жоғарғы соттың судьяларын сайлап, ҚК, ҚПК пен ҚАК жобаларын талқылады.
Астана қаласы30 Мамыр , 19:24

Келелі отырыста Жоғарғы соттың  қазылары Николай Мамонтов пен Нүрия Синғалиеваның қызметтен кетуіне орай жұмыстан босатылды,  деп Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Жоғарғы соттың төрағалары қызметіне Серік Абдрахманов пен Мейрам Жанғұттинов тағайындалды. 

Естеріңізге сала кетейік Конституцияға сәйкес Республакалық Жоғарғы сот кеңесінің мінездемесіне сәйкес Елбасының ұсынуымен Сенат Жоғарғы соттың  судьяларын сайлайды.

Бұдан басқа алқа отырысында сенаторлар ҚР Қылмыстық кодексін бірінші оқылымда мақұлдады. Сонымен қатар, бірінші оқылымда ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексі және ҚР Қылмыстық-атқарушы кодексі де мақұлданды.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика