Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИЖТМ мен ҰКП ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚР ИЖТМ және КҰП неғұрлым тығыз ынтымақтастық орнатуда. Тиісті меморандумға бүгін Астанада вице-премьер - индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев және Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы Президиумының Төрағасы Тимур Құлыбаев қол қойды.
Астана қаласы30 Мамыр , 16:17

Тараптар мемлекеттік бағдарламаларды дайындау және іске асыру, тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегі қазақстандық үлесті ұлғайту, отандық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселелерінде күш-жігерлерін біріктіруге ниеттенуде, деп индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде хабарлады.

Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының бірінші және екінші бесжылдықтарын қоса алғанда, елдің энергетика, индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамуы саласындағы бағдарламалық құжаттарды және туризм, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытуды көздейтін құжаттарды іске асыру мәселелері бойынша бірлескен жұмыс топтарын құру болжануда.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика