Білім беру

Алматыда Сорбон университетінің мамандықтары ашылады - Жан-Ив Мериндоль

Ахметжан Есімов бұл күні Париж қаласындағы Сорбон Университетінің ректоры Жан-Ива Мериндольді қабылдады. Ол өзінің Алматы жоғары оқу орындарындағы білім деңгейіне қызығатынын айтты.
Алматы қаласы30 Мамыр , 15:54

«Біз Абай атындағы ҚазҰПУ-мен арадағы байланысқа қуаныштымыз. 2014 жылдың қыркүйегнінен бастап сіздің қалада менеджмент және халықаралық байланыс бойынша екі магистрлік мамандық ашылады. Алматы мен Сорбон жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақ пен байланыс одан әрі дамиды деп сенемін», - деді Жан-Ив Мериндоль.

Бұдан өзге ол екі бағдарлама бойынша дәрісті Сорбон университетінің оқытушылары өткізетінін айтты. Соның арқасында түлектер Абай атындағы ҚазҰПУ мен Сорбон университетінің дипломдарын алатын болады, деп Алматы қаласы әкімдігінің сайтында хабарлады.  Париж университетінің ректоры Алматыда болашақта тағы да француз тілінде дәріс беретін бірнеше факультеттер, мектеп мен мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерін ашуды жоспарлап отырғандықтарын жеткізді.

Өз кезегінде Ахметжан Есімов Алматы Қазақстанның білім орталығы екендігін айтты. Әрбір үшін университет пен Республикадағы әрбір үшінші студент Алматыда деді ол. Үстіміздегі жылдың Алматыда Білім жылы болып жарияланғандығын да жеткізді.

Қала басшысы Алматыда Сорбон университеті филиалының ашылуы үлкен маңызды іс болатындығын, екі жақты байланысты дамытатындығын атап өтті.

Ахметжан Есімов бұл кездесудің Алматыдағы француз білімі мен мәдениетін дамытуға жаңа леп беретіндігін атап өтті.

 

 




Яндекс.Метрика