Өңірлер

Активтер орынсыз бағаға сатылмайды - Елена Бахмутова

Заңдастыру процесінің ашықтығы, активтермен насандарды сатудың заңдылығы, жүргізіліп жатқан шаралардың экономикалық тұрғыда дұрыстығы сынды принціптер тәртіпке енгізілді. Бұл туралы баспасөз брифингінде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова мәлімдеді.
Астана қаласы30 Мамыр , 15:37

«Біз активтерді сатуды барынша ашық жүргізуді басшылыққа алып отырмыз. Оның үстіне, жай сата салу үшін оларды тым арзан бағаға сатуға жол берілмейді. Ал, сұраныс жоқ активтерге Қор мен еншілес компаниялар оның мүлкін басқару туралы шешім шығаратын болады», - деді Е. Бахмутова.

Сонымен қатар ол, тәртіпті жасақтауда өткен заңдастырудың тәжірибелері басшылыққа алынды, деп ағынан жарылды.

«Тәртіпті жасақтауда Қор және үйлестіруші оператор «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС мамандары бұған дейін болған заңдастырудың тәжірибесін, қолданыстағы мүлікті заңдастыру бойынша заңнаманы және шетелдік тәжірибені басшылаққа алды», - деді Басқарма төрағасы.

Айта кетерлік жайт, Е. Бахмутова компаниялардың активтерін заңдастыратын комитеттің тізгінін  өз қолына алды. Комитеттің басты міндеті бағдарламаның заңды, әрі уақытылы жүзеге асырылуын қадағалау.

Индира Кауметова 




Яндекс.Метрика