Білім беру саласындағы әлеуметтік жауапкершілік жүйесін дамыту

Білім қоры Алматы облысының өнерлі балаларына материалдық қолдау білдіруде

Алакөл білім беру қоры өнерлі оқушыларға, сонымен қатар мүгедек балалар мен олардың күтушілеріне материалдық көмек көрсетуде, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы30 Тамыз , 00:00

Материалдық көмек халықаралық, республикалық және облыстық олимпиадаларда жүлделі орын алған жоғарғы сынып оқушыларына көрсетіледі. Алакөл ауданында, сондай-ақ Алматы қаласында мүгедек балаларды қосымша оқыту, мүгедек балаларды шипажай-курорттық емдеу, жаз мезгілінде курстық және білім беру семинарларын ұйымдастыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.

2007 жылдан бастап 2013 жылға дейінгі уақыт аралығында жасалған жұмыстарды қоса алғанда, І және ІІ санатты материалдық көмекті Алакөлдің 157 оқушысы мен 108 ұстазы алды. Қор бөлген гранттардың жалпы көлемі 80 миллион теңгеге жетеді.

Гранттардың сомасы 1500 мен 4000 доллар аралығында құбылады. 




Яндекс.Метрика