Инфрақұрылымның дамуы

ККМ «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның 48 филиалына тексеру жүргізуде

Көліктік бақылау инспекциясы мамандары жүргізген тексерістер барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бірқатар филиалдарында теміржол көлігінде жолдың жоғарғы құрылысын техникалық пайдалану және қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу фактілері айқындалды.
Казахстан30 Мамыр , 15:24

Бүгінгі күнге теміржолдың магистральдік желісінің бірқатар учаскелері жабылды және қозғалыс шектелді. Айталық, рельс сорабының тарылып кетуіне байланысты «РЗД-17 – РЗД-33» және  «Қарағанөзек – Қарабас» учаскелеріндегі қозғалыс жабылды. Кейінгісіндегі қозғалыс бұдан бұрын ашылған бұзушылықтарды сапасыз түзегендігі үшін қайта жабылғандығын атап өтуге тура келеді. Мұның сыртында «Лисаков-Алтынсарин», «Жарық-Жаңаарка», «Қарабас – ОП 767», «РЗД-17 – РЗД-33», «ОП42 – Қарағанды».учаскелеріндегі қозғалыс жылдамдығы шектелді. Қазіргі кезде тексерістер жалғастырылуда, деп көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінде хабарлады.

Теміржол көлігіндегі ірі ереже бұзушылықтар жиілеп кетуіне байланысты Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әсет Асавбаев Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Алматы қаласында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалдары өкілдерінің қатысуымен көшпелі жиналыстар өткізгендігін атап өткен жөн. Кездесулер барысында теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Теміржолдың қозғалмалы құрамы мен жолдарының пайдаланылуының тоқтатылуының негізгі себептері жоспарлы жөндеу жұмыстарының уақытылы жүргізілмеуі, вагондар тораптары мен бөлшектерінің ақаулы болуы, жол табанының кеңейіп және тарылып кетуі болып табылады. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика