Евразиялық одақ

Еуразиялық Экономикалық Одақ идеясы қалың жұртшылықтың, соның ішінде ғылыми қоғамдастықтың қолдауымен нақтылы іс-қимылдардың егжей-тегжейлі бағдарламасына айналды

Еуразиялық Экономикалық Одақ идеясы қалың жұртшылықтың, соның ішінде ғылыми қоғамдастықтың қолдауымен нақтылы іс-қимылдардың егжей-тегжейлі бағдарламасына айналды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев М. Ломомносов атындағы ММУ-де еуразиялық интеграция туралы оқыған дәрісінде атап өтті.
Астана қаласы30 Мамыр , 14:43

«Еуразиялық Экономикалық Одақ идеясы қалың жұртшылықтың, соның ішінде ғылыми қоғамдастықтың қолдауымен нақтылы іс-қимылдардың егжей-тегжейлі бағдарламасына айналды. ЕурАзЭҚ, ТМД-ның көптеген елдерінің қатысуындағы еркін сауда аймағы, Қазақстан, Беларусь және Ресейдің Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістік – бұл біздің бірлескен жұмысымыздың дәйекті жемісі. ХХІ ғасырда біз қысқарған тарихи уақыт феноменінің куәсі болдық. Бұл бүкіл жаһанданған әлем бетпе-бет келіп отырған сын-қатерлердің бірі. Еуразиялық интеграцияның көптеген нақты мәселелерін бізге мейлінше шектеулі мерзімдерде шешуге тура келеді», - деді Н. Назарбаев.




Яндекс.Метрика