Адами капитал

Қазақстанда үй шаруашылығы басшыларының 76% өз тұрмыстарына қанағаттанады – Статагенттігі

2014 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жүргізген Қазақстандағы халықтың тұрмыс сапасын біржолғы зерттеу қорытындылары осындай.
Астана қаласы30 Мамыр , 14:23

Зерттеудің мақсаты 12 мың үй шаруашылығы басшыларының өз үй шаруашылықтарын   шартты әлеуметтік топтың біреуіне жатқызуды ұсыну арқылы субъективті бағалауы болып табылды, деп статистика агенттігінде хабарлады.  Зерттеу нәтижелері бойынша сұралған респонденттердің жартысы немесе 50,7% өздері басқаратын үй шаруашылықтарын орта топқа, 45,5% - кедей емес, бірақ орта топқа да жатпайтындарға, 2,0% - аз қамтылғандарға және тек 1,8% жоғары орта топқа жатқызды.

Зерттеу қорытындылары бойынша үй шаруашылықтарының 76,0% өз тұрмыстарына қанағаттанған, бұл ретте олардың көп үлесі ауылды жерде - 77,0% (қалада - 75,4%) екенін атап өткен жөн. Мұндай үй шаруашылықтарының өмірге сенімділігі олардың санынан 77,4%-ның өз балаларының олардан жақсырақ өмір сүретіндігіне сенетіндігімен расталады.

Үй шаруашылықтары басшыларын зерттеу барысында үй шаруашылықтарының тұрғылықты жеріндегі қауіпсіздік дәрежесі туралы сұраққа 92,4% өзін толық қауіпсіздікте немесе жеткілікті қауіпсіздікте сезінетіндіктерін көрсетсе, үй шаруашылықтары басшыларының 7,3% қорқынышта сезінетіндігін көрсеткен және тек 0,3% өздерін қауіптілікте сезінген.

 




Яндекс.Метрика