Евразиялық одақ

ЕАЭО елдерінің кез келген азаматы кәсіпкерлік ашуда ұлттық агент атағын алады – Е.Кузьмина (Брифинг бейнебаяны)

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде РҒА Экономика институтының посткеңестік елдердің экономикалық даму секторының жетекшісі Елена Кузьмина ЕАЭО елдерінің кез келген азаматының Қазақстан, Ресей мен Беларусь аумағында кәсіпкерлік ашуда ұлттық агент атағына алатынын айтты.
Астана қаласы 30 Мамыр, 13:06

«Мұнда ең бастысы тек жұмыс күшінің еркін алмасуы ғана емес, сонымен қатар еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кез келген азаматының Қазақстан, Ресей мен Беларусь аумағында кәсіпкерлік ашуда ұлттық агент атағына алмақ. Ол үшін «шетелдік агент» ретінде және жұмыс істеуі үшін ешқандай да қосымша құжат рәсімдеудің қажеттілігі жоқ», - деді Е.Кузьмина.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда ресейлік кәсіпкерліктер өз компанияларын Қазақстанға көшіріп жатыр.

«Қазіргі таңда ресейлік кәсіпкерліктердің арасында өз компанияларын Қазақстанға аудару үрдістерінің қарқын алып отырғанын көріп отырмыз. Өйткені мұнда кәсіпкерліктің жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалып, сонымен қатар шекаралас өңірлерге де қолайлы жағдай жасалынған. Сол себепті бұл кейінгі жастардың өз армандарын іске асыруға берілген мүмкіндігі іспетті. Сонымен қатар экономикалық байланыстар халықтардың жақындасуына де мүмкіндік беріп, жастардың қалаған елінде білім алуына жағдай жасайды», - дейді. 

 

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика