Евразиялық одақ

Қ. Тоқаев: ЕАЭО жаһандық экономиканың қуатты күшіне айналмақ

Аталған бірлестік жаһандық экономиканың қуатты күшіне айналып, әлемдік кеңістікте алдыңғы қатарға орналасқан 200 аймақтық интеграциялық құрылымның арасында жетекші орынға ие болуды көздеп отыр, деп Сенат төрағасы плненарлы отырыста мәлімдеді.
Астана қаласы30 Мамыр , 13:27

«Кеше біз Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекет басшыларының Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қоюы жөніндегі аса маңызды тарихи оқиғаға куә болдық. Осыдан 20 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген экономикалық одақ құру идеясы ақиқатқа айналды», - деді ол.

Қ. Тоқаевтың айтуынша, аталған бірлестік жаһандық экономиканың қуатты күшіне айналып, әлемдік кеңістікте алдыңғы қатарға орналасқан 200 аймақтық интеграциялық құрылымның арасында жетекші орынға ие болуды көздеп отыр. Бұған қажетті алғышарттар да да бар.

«Сондықтан да мемлекеттік биліктің барлық тармақтары Қазақстанның осы Одақтағы мүдделерін сапалы түрде қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етуі қажет. Ең алдымен, Парламент кеше мемлекет басшылары қол қойған Шартты ратификациялап, экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған құқықтық негіздемені жетілдіру жұмыстарын жалғастыру керек», - деді Қ. Тоқаев.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика