Евразиялық одақ

А.Лаврентьев: Қазақстанда 2015 жылы автомобиль өндірісі 60 мың көлікке жетеді

Қазақстанда ағымдағы жылы автомобиль өндірісін 45 мың данаға, ал келер жылы 60 мың данаға жеткізу көзделуде, деп «Allur Group» компаниясының президенті Андрей Лаврентьев «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында айтты.
Астана қаласы30 Мамыр , 12:23

«Машина жасау  саласы үшін интеграция одан әрі дамудың жалғыз мүмкіндігі. Жалпы, интеграцияның аясында елімізде экономиканың  жаңа саласы машина құрылысы дамыды. Енді міне алдымызда 170 млн халқы бар нарық ашылып отыр. Бұл одан әрі даму үшін қажеттіліктердің бірі», - деді А. Лаврентьев.

Оның айтуынша,  қазіргі таңда Қазақстанның ресейлік «Рено АвтоВАЗ» компаниясымен бірлескен  жобасы бар. «Шығыс Қазақстанда екі кезекте  «Лада» маркалы көліктің ауқымды өндірісі жопарланған. Сонымен қатар, Қостанайда Ресей нарығына шығарылатын Ssang Yong автокөлігі жасалуда», - деп мәлімдеді компания басшысы.

«Беларусьтің арготехника компанияларымен бірлескен кәсіпкерлік құру жолында біз олардың ауыл шаруашылығы техникаларына қол жеткізіп отырмыз», - дейді ол. 

Қазіргі таңда, оның айтуынша, Жол картасы жұмыстары жүргізілуде. Оның негізінде болашақта сала бойынша атқарылатын жұмыстар мақұлданып, реттелмек.

«2015 жылдың басына дейін біз барлық мәселені пысықтап, болашақтағы атқарар жұмыстарды айқындап алуымыз керек. Қазақстанда 2014 жылы автокөлік өндірісін 45 мыңға дейін жеткізіп, келер жылы оны 60 мыңға дейін арттырмақпыз», - дейді А.Лаврентьев.




Яндекс.Метрика