Инфрақұрылымның дамуы

Алматы облысында «Алматы-Қорғас» автожолының құрылысы талқыланды

«Қапзавтожол» ҰК» АҚ-ның Алматыдағы филиалындағы өткен кеңес барысында ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаев мерігерлік ұйымдардың басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Оның ішінде облыстағы республикалық маңызы бар автожолдарды жөндеу, салу және реконструкциялау жұмыстары барысынв тұрақты бақылау жасау қажеттігіне баса назар аударды.
Алматы30 Мамыр , 12:07

Сонымен бірге кездесуде «Алматы-Қорғас» жолын салу мәселесі қозғалды. Өйткені бұл Қазақстан аумағындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізін реконструкциялау жобасының ең соңғы учаскелерінің бірі болып саналады, деп көлік және коммуникация министрлігінде хабарлады.

«Алматы-Қорғас» автожолының жалпы ұзақтығы – 304 км. Бүгінгі күнге 4 мердігер ұйым жолдың 8 учаскесінде құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Биылғы жылдың өзінде «Алматы-Қорғас» бағытының 71 километрі бойында қозғалыс ашылады деп күтілуде.

Жалпы бұл жобаны толықтай аяқтау 2016 жылға жоспарланған. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң цемент-бетон жамылғысы бар «Алматы-Қорғас» автожол төрт жолақты қозғалысы бар І техникалық категорияға өткізілетін болады.




Яндекс.Метрика