Евразиялық одақ

З.Ханин: Қазақстан мен Израильдің стратегиялық ынтымақтастығының ауылы алыс емес

Қазақстан мен Израильдің стратегиялық ынтымақтастығы идеясын жүзеге асыруға аз қалды, деп «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында Израильдің Абсорбция министрлігінің бас ғалымы Зеэв Ханин мәлім етті.
Астана қаласы30 Мамыр , 11:49

«Қазақстан өктемшілдіктен азаматтық қоғамға көшудің жарқын мысалы. Айта кетерлік жайт, ол мұндай жетістікке ешқандай дау-дамайсыз, революциясыз жетіп отыр. Ол ашық және еркін сауда жүргізудің элементтерін жинақтауда. Бүгінгі таңда Иерусалим Астанаға өз мүмкіншілігін толығымен жүзеге асырмаған серіктес ретінде қарайды. Ал, Қазақстан мен Израильдің стратегиялық ынтымақтастығы идеясын жүзеге асыруға аз қалды. Оның үстіне ЕАЭО құру идеясының өзі дұрыс», деп ол атап өтті.

Бұдан басқа ол, ОКҚ алаңында Қазақстан мен Израильдің арасындағы тауар айналымы соңғы жылдары 2 есе артты, деп ағынан жарылды.

«Тауар айналымы Израильдің энерготасымалдауышыларымен ғана емес, экономиканың өзге де салаларымен тығыз байланысты», - деді З. Ханин.

«Израиль, қазақстандық энерготасымалдаушылардың ірі тұтынушыларының бірі. Бізге бұдан басқа медициналық технология, биотехнология, электроника, ақпараттық технологиялардың жаңа буыны сынды салалардағы экономикалық байланыста маңызды», - деп есептейді З.Ханин.

«Қазақстан бізге Шығыс пен Батыс біріге алатынын іс жүзінде көрсетіп отыр. Ал, Астана Еуроазиялық және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін,  Таяушығыс елдері мен Атланттық бөліктегі елдерді өзара байланыстыратын көпір болып отыр және ол оңайшылықпен келмеген дүние», - деп сарапшы өз ойын түйді.




Яндекс.Метрика