Евразиялық одақ

Е.Махмутова: Біздің міндет – ЕАЭО туралы Келісімді заңдық рәсімдеуге жеткізу

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің қолданбалы саясат кафедрасының доценті Евгения Махмутова бүгінгі күннің басты міндеті Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімді заңды бекітуге дейін жеткізу екенін айтты.
Астана қаласы30 Мамыр , 11:29

«Менің пікірімше, бұл  үрдіске үш ел ұзақ уақыт бойы тыңғылықты дайындалды. Біздің қазіргі міндетіміз Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімді заңды бекітуге дейін жеткізу болып табылады. Атап айтар болсақ, оны тараптардың Парламенттерінде ратификациялау керек», - деді Е.Махмутова.

Оның айтуынша, «үштіктің» ойы бұл мәселеде бір жерден шығады.

«Бұл мәселеде Қазақстан, Ресей мен Беларусь тарабынан ешқандай да қиындық туындамайды деп үміттенеміз. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Келісім толықтай күшіне енеді. Сонымен қатар, одақ үш елдің астанасында өзінің жұмысын жалғастыратын болады», - дейді. 

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика