Халықаралық интеграция

Қорғаныс министрі С.Ахметов ҰҚШҰ Бас хатшысымен кездесті

ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов Астанадағы мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғарғы Еуразиялық Экономикалық кеңестің отырысына келген Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымы Бас хатшысы Николай Бордюжеймен кездесті.
Астана қаласы30 Мамыр , 11:21

Кездесу барысында ынтымақтастықтың қазіргі және болашақтағы мәселелері, заманауи қауіп-қатерлерге қарсы тұру, ҰҚШҰ жауапкершілігіндегі қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселелері жайлы пікірлерімен алмасты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, ҰҚШҰ қызметінің басым бағыттарының бірі әскери-техникалық ынтымақтастық болып табылады. Тараптар ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы өзара байланысты дамыту жайын талқылады.

Жедел әрекет етудің ұжымдық күшін нығайту мәселесін айта келіп ҚР қорғаныс министрі биылғы жылдың тамыз айында өткізілетін жедел әрекет етудің ұжымдық күшінің «Өзара әрекет ету» шарасы жайлы мәлімдеді.  




Яндекс.Метрика