Евразиялық одақ

ЕАЭО қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырады - Ю.Кучинская

Еуразиялық экономикалық одақ қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырады, деп «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының директоры Юлия Кучинская ағынан жарылды.
Астана қаласы30 Мамыр , 11:09

«Бірінші кезекте бұл уақыт еншісінде. Себебі, бүгін келісімге қол қойып, одан ертен нәтиже күту қателік. Алайда, аймақтардағы зерттеу қорытындылары адамдардың туған-туыстарымен хабарласуы жеңілдегенін көрсетуде. Бұл өмірдің жақсы жаққа өзгеріп жатқанының бір көрінісі. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымының дамуын атап өтсе болады. Бұл тек сауда қатынасына ғана емес, халықтың өмір сүру сапасына да оң әсер етеді», - деді Ю. Кучинская.

Сонымен қатар ол, Қазақстанның ЕАЭО құруда тікелей қатысы бар, себебі бұл идеяны Қазақстан Президенті ұсынды, деп атап өтті.

Бұдан басқа, Ю. Кучинская ЕАЭО аясындан алдыңғы қатарда дамитын салаларды тілге тиек етті.

«Олар ғылым, фармакология, фармацевтика, машинақырылысы салалары болып табылады. Айта кетерлік жайт, бұл салалар бізге мұнай газ саласынан  кішкене  болса да  тәуелсіз дамуға мүмкіндік береді. ЕАЭО – шағын және орта бизнеске үлкен серпін береді деп ойлаймын. Сонда халықтың өмір сүру сапасы да артады», - деп ол толықтырды.

Индира Кауметова 




Дерекнама

Яндекс.Метрика