Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

«KazSat-3» ғарыш аппараты белгіленген орбиталық позицияға жетті

«KazSat-3» спутнигі геостационарлық орбитида 58,5º шығыс бойлығына тұру нүктесіне жетті.
Астана қаласы30 Мамыр , 10:56

«KazSat-3» спутнигі ү.ж. 28 сәуірде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылғаннан кейін белгіленген орбиталық позицияға ауыстырылуы кезінде оның техникалық параметрлерін растау мақсатында қызметтік жүйе модульдеріне ұшу-конструкторлық сынаулардың (бұдан әрі ҰКС) бөлігі жүргізілді, деп Қазғарыштың баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі күні Ақкөл қ. жерүсті басқару кешенінің және «Академик М.Ф. Решетнев атындағы АСЖ» мамандары бірігіп, спутниктің пайдалы жүктемесінің ҰКС жүргізуге дайындау бойынша жұмыстарды жүргізуде. Жоспарланған ұшу-конструкторлық сынауларын қыркүйек айының ортасына қарай аяқтау күтілуде.




Яндекс.Метрика