EXPO-2017

Астанада Монаконың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы талқыланды

Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Монако княздігінің сыртқы істер министрі Жозе Бадиа бастаған делегаттарымен кездесті.
Астана қаласы30 Мамыр , 10:45

Н.Қаппаров пен Ж.Бадиа болашақтың энергиясы саласындағы әлемдік жетістіктердің көрсетілетін «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Монаконың да қатысу жайын талқылады, деп хабарлайды Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі.

Тараптар «жасыл» экономика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мен оның болашағы жайлы пікірлерімен алмасты. Атап айтар болсақ, Қазақстанның «жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасы аясындағы әріптестікті дамыту мүмкіндіктері мен жаңартылмалы қуат көздері саласына жаңа технологиялар мен инвестиция тарту, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен «жасыл» құрылыс саласына қатысты ойларын ортаға салды.

Осы орайда Н.Қаппаров «Жасыл өткел» әріптестік бағдарламасы механизмі туралы кеңінен әңгімеледі. Оның айтуынша, тәжірибе алмасу, «жасыл» жобаларға алдыңғы қатарлы технология мен қаржыландыру көздерін тарту бағдарламаға қатысу аясында ойдағыдай орындалып жатқанын айта келіп, Монаконың да бағдарлама хартиясына қол қойған мемлекеттерге қатысуға шақырды.  

Өз кезегінде Жозе Бадиа Монаконың «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуға дайын екендігін айтты. 




Яндекс.Метрика