Ұлттың денсаулығы

Донор қанын екі сатыда скринингілеуді ТМД елдері ішінде Қазақстан алғашқы болып енгізді – сарапшы

Қазақстан ТМД елдері ішінде алғашқы болып донор қанын трансфузиялық инфекцияға қатысты екі сатыда скринингілеу әдісін енгізді, деп Н. Пирогов атындағы Ұлттық медициналық хирургия орталығының проректоры, бас трансфузиологы, м.ғ.д. профессор Е.Жибурт трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында «Клиникалық трансфузиологияның теориялық және тәжірибелік аспектілері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарда мәлімдеді.
Астана қаласы30 Мамыр , 10:14

Семинарға АҚШ, Ұлыбритания, Ресейдің қан қызметінің басшылары мен өкілдері, сондай-ақ донор қаны компоненттерін даярлау және клиникада қолдануды жүзеге асыратын отандық дәрігер-трансфузиологтар қатысты. 

Семинарда сөз сөйлеген халықаралық сарапшылар қазіргі заманғы әдістер және қан қорын басқару шешімдері, қан компоненттерінің патогендік қауіпсіздігі және имммунологиялық проблемалар туралы әңгімеледі.  

Америка Қызыл ай қоғамының медициналық директоры, Солтүстік Америка бойынша Халықаралық трансфузиологтар қауымдастығының аймақтық бөлімінің директорлар кеңесінің мүшесі, Джордж-Таун университетінің профессоры Ричард Бенджамен (Вашингтон, АҚШ) өз кезегінде Қазақстан бұл салада өңір елдеріне үлгі бола алатынын айтты.

«Қазақстан ТМД елдері ішінде алғашқы болып донор қанын трансфузиялық инфекцияға қатысты екі сатыда скринингілеу әдісін енгізіп, оны бүкіл ел аумағында қолдануды заңмен бекітті. Бұл қан қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өте маңызды жайт. Сондай-ақ, республикада трансфузиологияның қазіргі заманғы технологиялары белсенді енгізіліп жатқанын көрдік», - деді  Н. Пирогов атындағы Ұлттық медициналық хирургия орталығының проректоры, бас трансфузиологы, м.ғ.д., профессор Е.Жибурт.

 




Яндекс.Метрика