Евразиялық одақ

ЕАЭО барша қазақстандықтар үшін тиімді - Н.Жазылбеков

Еуразиялық экономикалық одақ барша қазақстандықтар үшін тиімді болмақ, деп «Strategy2050.kz» АА берген сүхбатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Жазылбеков ағынан жарылды.
Астана қаласы30 Мамыр , 09:58

«Бұл одаққа мүше болғанымен біз ешқашан өзіміздің егемендігімізден айырылмаймыз, біз өзіміздің құқығымызды жақсы білеміз.  Керісінше, әр қазақстандықтың мүддесін қорғау жолында алға қарай жүреміз. Олардың бай, дамыған мемлекетті өмір сүруіне жағдай дасаймыз», -  деді ол.

Сонымен қатар, халық қалаулысы, әр отандасымыз ЕАЭО дамуына өз үлесін қосу керек , деп атап өтті.

«Бүгінде біз экспорттың өскеніне көз жеткіздік. ЕАЭО мүше болу ДСҰ-ға мүше болу дегенді білдіреді. Ал, бастысы әр қазақстандық  ЕАЭО дамуына өз үлесін қосуы керек.  Оның ішінде бизнестің, Үкіметтің және халық қалаулыларының алдында қыруар шаруа тұр», - деп ол өз ойын толықтырды.

Бұдан басқа, Н. Жазылбеков ЕАЭО - ол экономиканы дамыту үшін құрылған одақ.

«Халқының саны 170 миллионды құрайтын нарыққа шыға отырып біз экономикамызды дамытып,  әлем қызыға да қызғана қарайтын мемлекетке айнала аламыз. ЕАЭО ешқандай саяси бояуы жоқ, ол экономикалық мүддені көздейтін одақ», - деді Н. Жазылбеков.

Индира Кауметова 




Яндекс.Метрика