Өңірлер

ШҚО басшылығы мен өңірлік даму министрі даму мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасы өңірлік даму министрі Болат Жәмішев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Министр сапар барысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерімен танысып өтті.
Шығыс Қазақстан30 Мамыр , 09:48

Кеңес барысында Еуропалық қайта құру және даму банкінің Семей қаласының сол жағалауын жылумен қамтамасыз ету жүйесін кешенді жаңғыртуға бағытталған Басым сипаттағы инвестициялар бағдарламасының негізгі талдау нәтижелері туралы ақпараты тыңдалды, деп өңірлік даму министрлігінде хабарлады.  

Кеңестің қорытындысы бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері Семей қаласының сол жағалауын жылумен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртуға  қарыз бөлу туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар,  Еуропалық қайта құру және даму банкі Шығыс Қазақстан облысының сумен жабдықтау саласын жаңғырту жобаларын қаржыландыруға займ бөлуді жоспарлауда.

Шығыс Қазақстан облысын дамытудың проблемалық мәселелері жөніндегі қорытынды кеңесте Болат Жәмішев қаланың тіршілігін (жылу-, электр-, газбен қамту) қамтамасыз етуде инфрақұрылымдарды қайта құру және салу, сонымен қатар, облыстың құрылыс объектілерін қатаң бақылауға алу мәселелеріне жеке  көңіл бөлді.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика