Евразиялық одақ

Е.Кузьмина: ЕАЭО заңнамасы - кәсіпкерліктің тиімді жұмысының мүмкіндігі

Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ ережелері мен үйлестірілген заңнамасы кәсіпкерліктің тиімді жұмыс істеуіне, жаңа өндіріс көздерін аша отырып жаңа жұмыс орындарын құруына жол ашады, деп мәлімдеді Ресей ғылым академиясы Экономика институтының посткеңестік елдердің экономикалық даму секорының меңгерушісі Елена Кузьмина Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы30 Мамыр , 09:34

«Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы Келісім жобасына қол қою арқылы бірыңғай экономикалық кеңістік құрылады, сонымен қатар бірыңғай транспорттық және қаржы кеңістігіне жол ашылады. Біз жаһандану кезінде бұл жолға ұзақ уақыт талпындық. Одаққа мүше ешбір ел қазіргі кезде ешқандай да елдік шикізат қорына айналмай, өндірістерін жаңғыртуға күш салады. Біз бұған бірлесе жұмыс істей отырып қол жеткіземіз», - дейді Е.Кузьмина.

Мысалға, Қазақстанда қазірдің өзінде бірлескен өндірістер құру жоспарланып отыр, дейді ол. Оның айтуынша, бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Өйткені Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ ережелері мен үйлестірілген заңнамасы кәсіпкерліктің тиімді жұмыс істеуіне, жаңа өндіріс көздерін аша отырып жаңа жұмыс орындарын құруына жол ашпақ.

Аталмыш одаққа скептикалық көзқараспен қараудан аулақ болуымыз керек. Одақтың біздің экономикалық дамуымызға кепілдік береді. Егер одақ дамитын болса, мүше мемлекеттердің де өндірісі мен инвестициясына жаңа серпін болмақ.

Камила Амирова 




Яндекс.Метрика