Халықаралық интеграция

Сенат Төрағасы мен Аргентинаның СІМ басшысы парламентаралық байланыстарды талқылады

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Аргентинаның сыртқы істер және ғибадат ету министрі Эктор Маркос Тимерманмен кездесті.
Астана қаласы30 Мамыр , 09:16

«Қ.Тоқаев сапардың екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа қуатты серпін беретініне сенім білдірді. Сенат спикері қонақты Қазақстанның заң шығару органының қызметімен таныстырып, казақстандық Парламент пен Аргентинаның Ұлттық конгресімен байланыс орнатуға ұсынды. Сонымен қатар, аргентиналық сенаторларды Астанаға қонаққа шақырды, деп ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметінен хабарлады.

Қ.Тоқаев Аргентинаны EXPO-2017 көрмесіне қатысуға және Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне уақытша мүше кандидатурасына Буэнос-Айрестың қолдау көрсетуге шақырды. Өз кезегінде Аргентинаның сыртқы істер министрі Эктор Маркос Тимерман Қазақстан оған лайықты деп пікірін білдірді.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика