Евразиялық одақ

ОҚО кәсіпорындары жаңа серпінге ие болды – А.Мырзахметов

170 млн халыққа ие нарық ОҚО кәсіпкерліктеріне жаңа мүмкіндіктер ұсынды, деп мәлімдеді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Асқар Мырзахметов.
Астана қаласы30 Мамыр , 09:00

Облыс басшысының айтуынша, Кедендік одақтың құрылуы Қазақстан, Беларусь пен Ресей арасында кедендік баж салығын алып, тастап үш ел кәсіпкерлерінің өз өнімдерін үлкен нарыққа шығаруына жол ашты. 170 млн халыққа ие нарық ОҚО кәсіпкерліктеріне жаңа мүмкіндіктер ұсынды.

«Ортақ нарық сату нарығын кеңейте отырып өнім түрлерін кеңейтіп, өндірістік қуатты көбейтуге мүмкіндік алып, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктердің дамуына жаңадан серпін берді. Мысалға, «Ордабасықұс» ЖШС құс фабрикасы Ресейге өз өнімінің 30 пайызын шығара отырып ендігі кезекте жыл сайынғы өнімділік қуаттылығын 10 мыңнан 30 мыңға дейін арттырды. 2011 жылдан 2013 жылға дейін аталмыш екі елмен тауар айналымы 2 есеге өсіп, соның ішінде экспорт 2,6 млрд долларды, импорт 1,5 млрд долларды құрады», - деді әкім.  

А.Мырзахметовтың айтуынша, облыс кәсіпкерліктеріне жаңа мүмкіндіктер беріп, шетелдік кәсіпкерліктердің облыста өндіріс ашуына жағдай жасайды. 

Мәселен, ОҚО бизнес – делегациясының Азия елдеріне барған сапарларының қорытындысы бойынша ОҚО аймағында 19 бірлескен кәсіпорын салу жоспарланған. Ол машина жасау, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнеркәсібі және индустрия құрылысы саласында құрылмақ. 




Яндекс.Метрика