Евразиялық одақ

ЕурАзЭҚ бас хатшысы студенттерге еуразиялық интеграцияның хронологиясы туралы айтып берді

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дипломат Тайыр Мансұров студенттермен кездесті.
Астана қаласы29 Мамыр , 19:41

Кездесу барысында Т. Мансұров «Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірде жүзеге асқан Еуразиялық жобасы» атты жинағын таныстырды, деп университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Автор атап өткендей, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1994 жылы Мәскеу университеті мінберінен Еуразиялық Одақ идеясын алғашқы болып көтерді.

Қайраткер бүгінгі басқосуда сол туындысы мен басқа да жинақтарын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің  ұжымына тарту етті.

«Болашақта еуразиялық аймақтың, еуразиялық аймақтық интеграцияның, еуразиялық идеяның рөлі арта береді. Соның бір мысалы Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің Президенттері қол қойған  Еуразиялық одақ құру туралы Келісім»,- деп түйді сөзін Тайыр Мансұров. 

 




Яндекс.Метрика