Евразиялық одақ

Трансұлттық компаниялар Қазақстан мен Ресейдің шекара аймақтарында құрылуда – Ю.Якушева

Трансұлттық компаниялар Қазақстан мен Ресейдің шекара аймақтарында құрылуда, деп ЕАЭО туралы Келісім шеңберінде өткен отандық және шетелдік сарапшылардың панельді пікірталасында «Солтүстік-Оңтүстік» Ресей саясаттану орталығының директоры Юлия Якушева мәлімдеді.
Астана қаласы29 Мамыр , 18:11

«Бірлескен өндірістер, трансұлттық компаниялар Қазақстан мен Ресейдің шекара аймақтарында құрылуда.  Бүгінде оларды көбейтуге мүмкіндік бар және ол Ресей мен Қазақстанға бірдей тиімді», - деді ол.

Сонымен қатар Ю. Якушева, Ресей мен Қазақстанның мықты  ғылыми-техникалық базасын да  тілге тиек етті.

«Жалпы, Қазақстан да, Ресей де шикізатты мемлекеттер. Қос мемлекетте де  экономиканы жаңғырту бойынша қадамдар жасалды. Бүгінде ілкімді істердің нәтижесі мақтанарлықтай.  Бұл нәтижелердің салмағы ЕАЭО-тан кейін артады», - деп Юлия Якушева ағынан жарылды.

«Айта кетерлік жайт, ЕАЭО қатысушы-елдерге және пост кеңестік кеңістіктегі елдердің бірқатарына әлемдік экономиканың жаңа жүйесіне тойтарыс беруге мүмкіндік береді», - деп ол баса айтты.

Индира Кауметова 




Яндекс.Метрика