Евразиялық одақ

Мақсат Мұқанов: Еуразиялық экономикалық одақ –жаһандық жоба

Еуразиялық экономикалық одақты жаһандық жоба деп атауға болады, деп ЕАЭО туралы Келісім шеңберінде өткен отандық және шетелдік сарапшылардың панельді пікірталасында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ президенті Мақсат Мұқанов мәлімдеді.
Астана қаласы29 Мамыр , 17:42

«Еуразиялық экономикалық одақ – жаһандық деңгейдегі жоба деп те атасақ болады, ол осыған лайықты. Аймақтық деңгейдегі Еуропалық одақ, НАФТА секілді ірі экономикалық жобаға айналып, ел дамуының өзекті мәселелерін шешуге толық негіз бар», -  деді ол.

Оның пікірінше, ұйымның мақсаты айқын белгіленген – үш ел халқының тұрмысын көтеру. Бұл шамада ЕАЭО негізін құраған – бұл теңдік мәселесі мен ел тәуелсіздігін сақтау, экономикалық дәлдікті көздеу мақсатқа жетуге мүмкіндік береді. Ұйымның жетістікке жетуі үш ел тұрғындарының бизнес-қауымдастықта өзін қалай сезінгені аса маңызды.




Яндекс.Метрика