Евразиялық одақ

Көптен күткен одаққа қол жеткіздік – Ю.Солозобов

ЕАЭО туралы Келісімге қол қойғаннан кейінгі қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен өткен панельді пікірталас барысында «Халықаралық энергетикалық саясат» орталығының жетекшісі Юрий Солозобов көптен күткен одаққа қол жеткізгенімізді айтты.
Астана қаласы29 Мамыр , 17:18

«Біз көптен күткен одаққа қол жеткіздік. Естеріңізге сала кетейік, Еуроодақ бұл жетістікке 40 жылда жетті. Ал біз оған қарағанда жедел дамыдық. Үш елдің мемлекет басшысы да бүгінгі айтулы оқиғаға ризашылықтарын білдірді. Бастысы бүгінгі айтулы оқиға үш елді тең құқықпен қамтамасыз ете отырып бастарын біріктірді. Мұның барлығы мемлекет басшыларының көреген саясаты мен алған бағыттарының дұрыстығы», - дейді ол.

Ю.Солозобовтың айтуынша, президенттер одақтың тең  экономикалық екенін жиі еске салады. Шынымен де, бұл қадам біздің экономикалық қуатымызды көтеруге бағытталған.

«Бүгінгі келісімге қол қою заманның айтулы оқиғасы. Бұл нақты орындалған интеграциялық қадам. Бұл ұлы жолдың басы ғана. Алдағы уақытта ЕАЭО шикізаттық тәуелділіктен арылып, шикізаттық емес жаңа экономика секторларын дамытатын болады», - дейді ол. 

Камила Амирова 




Яндекс.Метрика