Евразиялық одақ

И. Шувалов ЕАЭО тиімділігі туралы әңгімеледі

Бүгін АКҚ өткен брифингте Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов ЕАЭО тиімділігін айтып берді.
Астана қаласы29 Мамыр , 16:28

«Кедендік одақ аясында одақтас мемлекеттер арасында тауар айналымы айтарлықтай өсті. Халқымыздың әл-аухаты да артып келеді. Сонымен қатар, қай елдің азаматы болғанына қарамастан өзіңе ұнаған жерде еңбек етуге жағдай жасалды», - деді И. Шувалов.

Осы ретте ол, қай елдің азаматы екеніне қарамастан барлық әлеуметтік кепілдемелер жұмыс істеп жатқан  мемлекеттің азаматына берілетін әлеуметтік кепілдімелермен бірдей болмақ, деп атап өтті.

Сонымен қатар ол, өз ісін ашамын деушілерге одақтас мемлекеттерде бірдей заңды тұлғаны ашуға және нарықта еш кедергісіз жұмыс істеуге жағдай жасалғанын тілге тиек етті.

«Бұдан басқа, біз кейбір тауарлар мен қызмет түрі бойынша ешқандай талаптар қойылмайды. Тіпті, базалық білімде сұралмайтын болады деп келістік», - деді ол.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика