Евразиялық одақ

ЕАЭО-да медицина мамандығының дипломы ғана мойындалады – И.Шувалов

Дипломдарды мойындау процесі медициналық мамандарға ғана қажет, қалған дипломдар ешқандай мойындауды талап етпейді. Бұл жайында ҚР ОКҚ брифингінде РФ Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов мәлімдеді.
Астана қаласы29 Мамыр , 16:13

«Дәлірек айтсақ, медициналық мекемелрдің дәрігерлерінің дипломдарының барлығына – шектеулі тексерістерден соң, мойындалады, қалған мамандықтардың дипломдары ешқандай мойындауларды талап етпейді», - деп атап өтті И.Шувалов.

Сонымен қоса, И.Шувалов бәсекелестік факторы мен кәсіпкерлердің өзіне тиімді елді таңдап өз бизнесін өркендетуге мүмкіндігі бар екендігі жайлы айтып өтті.

«Мұннан келіп, бәсекелестік ретінде Қазақстан, Белорусия, РФ азаматтары бір елдің азаматтары секілді бизнесін өркендету үшін қай жерге барса да өз жұмысын жандандыра алады. 170 миллион тұтынушысы бар ортақ нарық болады. Бұл Қазақстан мен Белорусия кәсіпкерлеріне жақсы мүмкіндік. Біздің бақылауымызша ресейлік кәсіпкерлер Қазақстанға келіп жұмыс жасауда, мұндағы салық жүйесі әлдеқайда оңтайландырылған және тиімді», -  деп ол ағынан жарылды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика