Евразиялық одақ

Н. Назарбаев: Біз Еуразиялық интеграцияның әлеуетін іске асыруымыз керек

ЕАЭО Президенттерінің үндеуінде Мемлекет басшысы, XXI ғасырда біз келісе отырып Еуразиялық интеграцияның әлеуетін іске асыруымыз керек, деп атап өтті.
Астана қаласы29 Мамыр , 15:43

«Біз XXI ғасырда келісе отырып Еуразиялық интеграцияның әлеуетін іске асыруымыз керек. Осыдан 20 жыл бұрын мен өз идеямды ұсындым. Уақыт өз бағасын берді. Оның дәлілі міне бүгін біз ЕАЭО туралы келісімге қол қойдық. Жалпы, бұл ұсынысыма Ресей мен Белорусия тарапы қолдау көрсетіп отыр. Біз бірлесіп аталмыш идеяны жүзеге асыра бастадық», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысының айтуынша, тек соңғы 5 жыл ішінде Қазақстанның  КО елдерімен тауар айналымы 88%-ға өсіп, 24 млрд. долл. жетті. Ал, Қазақстанның интеграция бойынша серіктес-мемлекеттерге экспорты 63%-ға дейін көбейіп, 6 млрд. долл. құраған.

«Бұл жай ғана сандар емес, оның артында жүздеген қазақстандық,  ресейлік және белорусиялық кәсіпорындар тұр. Бұл деген мыңдаған жұмыс орындары мен қазақстандық бизнестің тұрақтылығы мен табыстылығы. Бүгінде келісімге қосылу мақсатында нақты қадамдарды  Армения мен Қырғызстан жасауда.  Интеграцияның негізгі мақсаты мемлекеттерді бірлесіп жаңғырту, бәсекег қабілеттілікті арттыру болып табылады», - деп Н. Назарбаев өз ойын түйді.

Камила Амирова

 




Яндекс.Метрика