Евразиялық одақ

Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО Келісіміне қол қойылғандығымен құттықтады

Астанадағы ЕАЭО Келісіміне қол қойылғаннан кейін ҚР Президенті Н.Назарбаев «Мен еліміздің халқын Еуразиялық экономикалық одақ Келісіміне қол қойылғандығымен құттықтаймын» деді.
Астана қаласы29 Мамыр , 14:37

«Мен еліміздің халқын Еуразиялық экономикалық одақ Келісіміне қол қойылғандығымен құттықтаймын. Біз өзіміздің экономикалық  потенциалымызды халқымыздың дамуы үшін бірігеміз. Біріншіден, одақ экономикалық болып табылады, тәуелсіздік пен интеграцияға қатысушы елдердің саяси суверенитетіне қол сұғылмайды. Символикалық тұрғыдан ЕАЭО – тәуелсіз Қазақстанның жаңа Астанасында құрылды», - деп атап өтті Н.Назарбаев.

 «Астана Еуразия жүрегінде орналасқан. Бұл қазіргі әлемдегі ең жаңа Астана... Біз бұл жерде ЭКСПО 2017 бүкіл әлемдік көрмесін қабылдауға әзірміз. Қазақстан Еуразиялық интеграцияны ілгерілету үші, интеграциялық  үрдісті анықтар маңызды шешімдер қабылданды. Заңдық тұрғыдан ЕАЭО астанасы Астана болды. Қазақстан мен Беларусь, Ресей халықтарының достығының өзара қарым-қатынасының ұлы жылнамасы болатынына күмәнім жоқ», -  деді ол.




Яндекс.Метрика